"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Малтабар ауылының Перуаш Кәрімұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Перуаш Кәрімұлы села Малтабар отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мейірімділік-асыл қасиет

03.05.2018

«Малтабар орта мектебі» КММ

 

 

                                                        

Тақырыбы:

«Мейірімділік-асыл

қасиет»

 (8 сынып)

 

 

 

 

 

                                                          

 

 

 

 

                                                                                        

Сынып жетекшісі: 

                                                                                             

Ермуканова К.У

2017-2018 жыл

Тақырыбы:Мейірімділік-асыл

қасиет

Мақсаты: Баланың бойына

рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге

,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын

жақсарту, оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке

тәрбиелеу.шығармашылық қиялын,ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта

отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың

көрнекілігі: 

Секен

Тұрысбековтың  «Көңіл толқыны» күйі, доп, түрлі-түсті 

жүрекшелер,  стикер, ұлағатты сөздер.

Сабақтың

барысы: І. Ұйымдастыру.

 ІІ.  Шеңбер айналасында жылы

лебіздерін білдіруді ұсынамын. Балалар, бәріміз ортаға шығып, шаттық

шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі

, жылы  сөздермен, жылы жүрегімізбен, күлімдеген көзімізбен, жымиған

езуімізбен  жеткізейік. -Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың,  мейірімдісің өте ұқыптысың, еңбекқорсың және

т.б.

ІІІ.

Тыныштық сәті (баяу музыка  Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)

    

Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз

қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат

жасаймыз.Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам

басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін с

сезінеміз. Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді

осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік

сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді. Қайтатын уақыт та келді. Осы әлеммен

қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар

көздеріңді аша қойыңдар.

ІҮ.

Оқушылардың назарын  мейірімділік туралы әңгіме тыңдауға аударамын.

      

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан

«Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен кейін

түсінесің», деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан

жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-деді

балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп

кетеді. Шалғайдан балапанды кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды ала

алмай жүреді. «Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп

сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ,дейді балапан, -Мен мейірімділіктің не екенін

білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді.

Балапан шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген

осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.

     

Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында сыныпқа төмендегідей

сұрақтар қоямын.

а)Мейірімділік деген не?

ә)Неге мейірімді болу керек?

б)Қалай мейірімді болуға болады?

    

Мейірімділік- ол басқаларға қамқор болу. Қайырымды болу-жердегінің

бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді. Мейірімділік адамдар мен табиғат және

жануармен қарым-қатынаста байқалады, айқындалады. Мейірімді болу адамдарға

қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға, өзіңе қамқорлық жасау.

 Ү.«Құпиялы қасиет» ойыны. (Барлық балалар бір шеңберге тұра қалады

да, қолдарын алдына қарай, алақандарын бір-біріне тигізіп,созады.Мұғалім

қолында, мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде,тиын ұстап тұрады.

Мұғалім екі алақандарының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салғандай

тигізеді де,былай дейді: Сезім « өте мейірімді». Сонан кейін  Арай

алақанын ашады да,тиын бар ма,жоқ па, көрсетеді. Балаларға тиынның кімде екенін

табуға үш рет мүмкіндік беріледі.

ҮІ

« Мейірімділік  нұры» жаттығуы. Қазір  мен тақтаға 

мейірімділік  шапағын ілемін. Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек.

Ол үшін алдарыңдағы  стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып,

шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.

ҮІІ.  Көрініс:

Сезім

:

Кеуде тұсына қызыл жүрек бейнесін ілген.

Жүрек: Мен адам

баласын алаламаймын;

Жақсылыққа елжіреп, еритұғын-мен,

жаманшылықтан жиреніп, тулап кете тұғын-мен.

Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірімділік

дейтұғын нәрселердің бәрі менен тарайды.

Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен

«Қайратқа» қарата сөз сөйлейді.

Ей,ақыл! Амал да,айла да-бәрі сенен

шығады,жақсының,жаманның,екеуінің де сүйенгені-сен екеуінің де іздегенін тауып

беріп жүресің соның жаман.

-Ей,қайрат! Сен де жақсылықты берік

ұстап,кейде жамандықты берік ұстап кетесің-соның жаман. Ортада бой таластырған

үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді.

Басына шалма ораған, ойлы,қолында

кітап. Білім. -Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім. Бірақ сонда

билеуші,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде

жүрекке билет.     Мұғалім: -үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті.

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Біреуінің күні жоқ,біреуінсіз.

Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.

Қорытындылау. « Жүректен

жүрекке» жаттығуы.

Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар.

Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның

бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар.

Қызыл-адамгершілік. Сары- адалдық.

Қызғылт- мейірімділік. Көгілдір- сүйіспеншілік. Жасыл- әдептілік. Көк-

ізеттілік. Ақ- қайырымдылық.

Ендіше, осы қасиеттер сендердің

бойларыңнан табыла берсін демекпін.

Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл, Сөз,

ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Есендікте ізгілік ет, тарылма, Қазына

үлес ,жарылқа Һәм жаңылма- деген Ж

Баласағұнидің            

сөзімен сабағымды  қорытындылаймын. Бүгінгі сабаққа бәріңе көп рахмет,

жақсы қатысқандарың үшін!

 

 

Просмотров: 390

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст