"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Малтабар ауылының Перуаш Кәрімұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Перуаш Кәрімұлы села Малтабар отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алаш туы астында...

16.05.2018

Алаш туы астында,

        Күн сөнгенше сөнбейміз!

 

«Алаш туы астында,

Куә болсын арымыз.

Көркейтуге алашты,

Құрбандық біздің жанымыз!

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің алашты,

Қорлығына бермейміз!

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз.

Жасайды алаш, өлмейміз!

Жасасын, алаш, жасасын!»

С.Торайғыров

 

    Биыл еліміз тарихы сонау терең

қойнаудан бастау алатын, ұрпақ назарын аударатын тағы бір айтулы оқиғаға куәгер

болуда. Ол – сонау бір аласапырын кезеңде тәуелсіздігімізді аңсаған, жеке,  дербес ел болуды көздеген бабаларымыздың Алаш

қозғалысы. «Керегеміз – ағаш, ұранымыз - 

алаш», деп  баршаға әйгілеген

үндеуінің түпкі астарында алғы ой-мақсаты менмұндалайды. Сол кездегі ұрпақ

болашағына алаңдаған көзі ашық, көкірегі ояу зиялыларымыздың үлкен шоғыры

әділдік пен теңдікті, халқының бақ-қуатты, алаңсыз өмірін, Отанның дербестігін

аңсады. Дерек көздеріне зер салсақ қарапайым ауылдың орта табынан шыққан Ахмет

Байтұрсынов бастаған топ өкілдері, Әлейхан Бөкейханов және басқалары 1905

жылының желтоқсанында Оралда  қазақ

халқының  съезін шақырған. Бес облыстан

жиналған делегация өкілдері бұл жолы Рессей конституциясылық –демократиялық

партия филиалы болып табылатын өз 

партиясын құруды көздеді. Жаңа ұйымның мақсаты қазақтардың ұлттық

мүддесін қорғауға арнады. Өкінішке қарай ,елдегі алғашқы Рессей төңкерісі жеңіліске

ұшырады да, өңірлерде шеру, жиын, митинг ұйымдастыруға түбегейлі тиым салынды.

Орал, Петропавл, Семей, Верный және өзге өңірдің  салалас ұйымдары, кәсіп одақтары құрдымға

кетті. Жаңа  сайлау жүйесінің әсерінен

қазақтардың, өлкені қоныстанған өзге ұлттардың сайлау құқығы жойылды. Жұмысшы

шаруа және қызметкерлердің соңынан полициялық қадағалау күшейтілді.

Тіпті кейбір өндіріс орындарында, кеніштерде «сенімсіз жандар» назарға

ілікті, бара-бара қара тізімге алынды. Белсенділер, ұйымдастырушылар,

көшбасшылар жаңағы тізімге ілікті. Жағдайдың шиеленісуіне басшы буынның  теріс пиғылы септесіп жатты. Адал еңбекті

қанаушылар, ұзартылған жұмыс күні, төмендетілген жалақы, , көбейтілген айыппұл

қарапайым халықты ашындырды. Бір жағынан кеудесінде ұлттық намыс, жүрегінде

өшпенділік оты тұтанған жігерлі де, өршіл рухты, қайсар да, батыл азаматтар

мұндай кемітушілікке, әрине,төзбеді. Капитализмнің жаңа сорақы қылығы қазақ

халқының ұлттық сана сезімін, дүниетанымын, заман ағымына көзқарасын өзгеріске

түсіргені рас. Ұлттық қозғалыстың етек жаюына зиялы қауым, әсіресе,

оқыған-тоқыған Петербор, Мәскеу, Томск, Казан, Омбы, Орынбор училищилер мен

университет түлектері жан – жақты үн қосты. 

Саяси тұрғыда зергерлі, елдің жағдайына әбден қамыққан, халқына

жаңашырлық танытқан тұлғалар «Айқап» журналы мен  «Қазақ» газетінде өз ой- пікірлерін ашық

жариялады. Әрбір ақпарат пен мақалалардың астарында ел мүддесі отарлау

пиғылының түп төркіні мен зардабы халыққа әкелген қасіреті жан-жақты

әшкерленді. Ғалым, экономист Әлихан Бөкейханов, қаламгер Ахмет Байтұрсынов,

Міржақып Дулатов, өзге зиялылар жаңағы басылымдарда белсене қызмет атқарды. Бір

мысал келтірер болсақ, ауыл шаруашылығының мүшкіл халін сипаттай келе, жоғарғы

жақтан жердің жеке меншік жүйесін енгізуді, осы негізінде қазақтардың иелігіне

ауыстыруды, жер сатылымына тыйым салуды, сол кездің өзінде талап еткен. Бұл ел

келешегін алыстан болжағанын, халықтың қамын тереңнен ойлағанының жарқын үлгісі.

Дегенмен, «...құл сөзінің құны жоқ» қағидасын негізге алсақ маңызды сөзі, мәнді

ұсыныс аяқсыз қалса, оны еститін жоғарыда  құлақ болмаса, мұндай биліктен не үміт, не

қайыр! 

    Біртіндеп ашынған халықтың ұлт

азаттық қозғалысы өрши бергені тарихтан белгілі. Торғай, Жетісу өңіріндегі көтеріліс

көсемдері Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Бекболат Әшкеев

жоғарғы биліктің әділетсіздігін қара халыққа тізе батырған өктемділігін жоюды

көздеді. Көтеріліс бара-бара бүкіл Қазақстан көлемін қамтыды. Ұйымдастырушылық

сипаты жағынан ұлт азаттық қозғалысына ұласты. Көтерілістің түпкі мақсаты

азаттық пен тәуелсіздікті ту еткен бұдан бұрынғы кезендері бүкіл күресінің

түпкі қорытындысы, ақтық жалғасы ретінде ұғынамыз. Алдында айтылған «Қазақ» газетінің

танымал қаламгерлерінің үндеуіне үн қосқан өзге зиялылар аса батылдық таныта

алмады. Бәлкім, даярлық әлсіз қарапайым халық патша билінінің қатал жазасына

ілігетінін, көтерілістің күш пен басылатын, түпкі зардабы қайғы-қасіреті ауыр

болатының болжаған шығар.

Елде орнаған уақытша үкімен өз дегенін жасап бақты. Мысалы, облыс

басшылығына бұрынғы отаршы шенеулігін тағайындады, арасына қазақ ұлттық

зиялыларында қосты. Бұл әдейі жоғарғы жақтың қазақ арасына жік түсіруді, өз

қандасын өзіне айдап салуды көздеген саясат еді. Әлихан Бөкейханов Торғай

облысының,Мұқаметжан Тынышбаев Жетісу облысының комиссар лауазымына

тағайындалды. Мұндай саясат іс жүзінде ұлттық мәселені шеше алмады, аграрлық

мәселе де ескерілмеді.  Қазақ

автономиясы, яғни өзін-өзі билеу құқығы жайлы мүлде айтылмады. Әлихан

Бөкейханов енді Кадет партиясынан кететіні туралы «Қазақ» газетінде де

мәлімдеме жасаған. Себебін түсіндергенде жер жеке меншікке берілсе, Башқұртстан

еліндегідей, уақыт өте келе  оны көршілес

мұжық иеленетінін, ал қазақтың қайыршыға айнататынын басшыға айтқан және Кадет

партиясының қарсы екенін сезген. Сонымен Алаш туын көтеру арқылы ұлттық

автономия құруға қадам жасайтынын 

баяндаған. Міне, Әлиханың негізгі ой-арманы осы еді.

   

1917  жылдын 21-26 шілдесінде

Орынборда алғашқы бүкіл қазақ съезі өткен. Бүкіл облыстан жиылған өкілдердің

алдында ұлттық автономияға,жер мәселесін нақты шешуге, құрылтай жиналысына

даярлыққа, қазақ саяси партиясын құруға баса көніл бөлген. Съезды ашардан бір

ай бұрын Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,Әлихан Бөкейханов  «Қазақ» газетінде көлемді мақала жариялаған ел

жаңалығына құнды пікір қосқан, қолдау бағытында өз ойларын білдірген.  Съезде де жер мәселесі басты тақырыпқа

айналған. Қазақстаннан  бөлек көршілес

Бұқара, Фергана, Хиуа елінен қазақ қауымдастары қатысқан.

   Тарих беттеріне үнілер болсақ, осы

қозғалысты қолданған, есімі ел аузында аныз болған бірегей тұлға, ержүрек,

батыр азамат Мұстафа Шоқай есімі ойға оралады. Мұстафа жастайынан

келімсектердің жергілікті халықты менсінбей,олардың көрсеткен

зорлық-зомбылығын, жақсы жерлерін тартып алғанын көріп өсті.Ол жергілікті

халықты «надан,бұратана халық», деп кемсіте қарағандардың әрекеттеріне шыдамай,

жас болса да әкесі Шоқаймен бірге күресіп те көрді. Мұстафа Шоқай Тәшкент

гимназиясын бітіргеннен кейін генерал-губернатор А.Самсоновтың әділетсіздігін

байқап,оған тілмаш болудан бас тартады. Мұстафа кезінде Петроград университетін

бітірген, Ресей уақытша үкіметінін 

Александр Керенскиймен бірге оқыған. Ол Мұстафаны уақытша үкіметтін

Түркістан өлкесіндегі ресми өкілі етіп алады. Арнаулы мандатымен Орынборға

келгенде Мұстафаны Орынбор, Омбы, Түркістан губерниясының бүкіл билігі

мойындаған. Сол кезде Орынбор,  Омбы,

Астрахань, Түркістан губернаторымен Түркістан өлкесі аумағында Түркістан  автономиясын құруға бар күшін салған және

құрды да. Бұл өлкеде бүкіл халық өкілі енуі тиіс болған, бірақ ойлағаны болмай жоспар

өзгерген, сондықтан билікпен келісу арқылы екі автономия құрып алған. Алаш Орда

үкіметі басқаратын Қырғыз автономиясы мен Мұхаметжан Тынышбаевтың

жетекшілігіндегі «Қоқант» үкіметі құрылды. Өкінішке қарай, Кенес үкіметі

орнаған дәуірде Мұстафа Шоқай жоспары түпкілікті жүзеге аспай калады, оның

себебі Кенес үкіметі мен қызылдар партиясының басымдығы, ықпалы күшейе берді.

Біртұтас билік өз дегенін жасаумен болды. Жана қоғамнан зәбір, соққы көрген

жанашыр тұлға, өз ойының енді іске аспайтынын сезген күрескер шетелге кетуге мәжбүр

болады.\

   Мұстафа сол бетімен Ташкентке  келіп, Мария Яковлевнамен мұсылманша

некелесіп қосылады. Жұбайы Мария Яковлевнамен жасырын түрде пойызбен Ташкенттен

Мәскеуге қарай жүріп, Ақтобе қызыл әскерлердің шабуылына байланысты  екеуі уақытша жеке кетулеріне тура

келеді.Мұстафа Шоқай Қаспий жағасындағы Кетік порты арқылы Бакуге барып

тұрақтайды. Бірақ большевиктердің ықпалының 

күшеюі жұбайы екеуінің Тифилиске барып,сонда екі жылдай «Нарубеже»,

«Шафак», «Вольные горцы»,т.б газеттерде қызымет атқарады.

    Мұстафа

Тифлисте жүргенде елдегі Сұлтанбек Қожановтан телефонограмма алады.  Телефонограммада «Большевиктер Қоқан үкіметі

мүшелеріне кешірім жасады, елге қайтуға болады» делінген екен. Большевиктік

пиғылды жақсы білетін Мұстафа айтылған хабарға сенбейді, күресін жол жақта

жалғастыра берді. Ал большевиктер Грузияны  басып ала бастағанда Түрік еліне қоныс

аударады. Мұстафа қайда барса да, саяси күресін тоқтатпай кезінде, Кеңес

өкіметі Түркия басшылығымен қарым-қатынас орната бастаған соң, Еуропаға

эмиграцяға кетеді де, Парижге барып,өмірінің соңына дейін жұбайы екуі сонда

тұрады.

   Қайда барса да күнкөрістері  қиын болды. Сонда да шыдай жүріп, Мұстафа

атамыз саяси күресін жалғастыра береді. Түрлі газет-журналдар арқылы  өз мақалаларын жариялап отырады. Сонда жүріп көптеген

пікірлес достар тапты,саяси ұйымдар  құрды. 

Орыс эмигранттарымен де тіл табысып, тікелей байланыста бола отырып, Түркістан

Ұлттық комитетін де құрды.Лондонда,Польшада,Берлинде,АҚШ-та Қеңес өкіметінің

басқыншылық саясатына қарсы лекцияларын оқыды. «Яш Түркістан» журналын шығарып,

сол журнал арқылы Түркістан тәуелсіздігі үшін күресін жүргізді. Ол журнал

Түркия, Ауғанстан, Иран сияқты басқа елдерге де кеңінен таратылып тұрды. Қай

елде жүрсе де, мерзімдік басылымдарға қазақ елі, автономия, бүгінгі егемендік

тақырыбында кесек-кесек туындыларын жариялаумен  болды

    Бір күні Мұстафа Париждегі

этнографиялық мұражайды аралап жүріп,қазақтың домбырасына көзі түседі, қасына

жетіп барады.  Домбыраны  мұражай қызметкелерінің рұқсатымен қолына

алып,бір мелодияны тартып,  ыңылдап жай

ғана әнге салғанда көзіне жас келеді. Әртне, бұл оның еліне, жеріне деген

сағынышы жанына маза бермегенін білдірсе керек. Шынында, Мұстафа елін сүйіп

халқының тәуелсіз елде өмір сүріп бақытты болуын аңсаған нағыз патриот еді.

     Бірде жұбайымен әңгімелесіп

отырып, «Егер,Түркістан тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді ел болып кетсе,

мен саясатты қойып, жазушылықпен айналысар едім», деген сөзінің өзі де оның

адал, таза адам екенін,мансапқор еместігін көрсетіп тұрған жоқ па? \

    1941 жылы 2маусымда Кеңес Одағына

қарсы соғыс ашылған күні немістер Мұстафа атамызды тұтқындап, «Компьен»

лагерінде екі апта ұстайды. Мұстафа атамыздың  Кеңес өкіметі саясатына қарсы екенін біліп, оның

халықаралық денгейдегі беделін пайдаланбақшы болған немістер оны өз жағына

тартып,тұтқындардан «Түкістан легионын» құруды жүктейді және радио арқылы сол

туралы сөйлесу үшін микрафон ұсынады. Бірақ Мұстафа атамыз радио арқылы сөйлесуден

үзілді-кесілді бас тартып: «Менің елден кеткеніме көп болды. Елде мен туралы

өте теріс пікірлер де қалыптасып қалған, ал тұтқындағы жастар мені түсінбеуі

мүмкін.Сондықтан, мен тұтқын лагерьлерін аралап сөйлесіп көрейін, олардың

ой-пікірлерін  білейін. Содан кейін бір

мәлімеге келерміз»,-дейді. Сөйтіп, ол неміс басшыларына кеше ғана оқ пен отқа

салып,туған еліне,өз халқына қарсы оқ атқызу барып тұрған жауыздық болатынын да

ескерткен еді.

      Мұстафа Шоқай шындығында, о

бастан «Түркістан легионын» құруға қарсы болғанын тарихшылардың бәрі  мойындаған болатын. Осы легион құру

мәселесінде Мұстафа неміс министірі Розенбергке екі шарт қойған болатын. Оның

біріншісі-немістердің көмегімен келешек Түркістан мемлекетінің кадрларын

Германияның зауыт-фабрикаларында,оқу орындарында оқытып даярлауға,тұтқынға

түскен жауынгерлерден әскери бөлімшелер ұйымдастыруға және әскери жүктерді қорғау

үшін пайдалануға қатысты. Ал екіншісі – неміс әскері Орта Азия шекарасына

жеткенше легионды Қызыл Армияға қарсы пайдаланбау, әрі қарай шекараға жеткен

соң соғыссыз-дипломатиялық келісім арқылы Орта Азия мемлекеттерін бағындыруға

байланысты болатын.

    Мұстафаның негізгі ойы легион

құру емес еді, керісінше тұтқындарды ауыр жағдайдан, ажалдан құтқару болатын.

Бұл туралы неміс тұтқынында болып, елге оралған жауынгерлеріміз де, архив

материалдарына сүйенген тарихшыларымыз да жазып 

келді. Тарихшылардың деректеріне сүйенсек Мұстафа Шоқай Түркістан

легионы арқылы 300 мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалған. Бұның өзі  ақылдылықпен жасалған нағыз ерлік емес пе?

    Мұстафа Шоқайдың негізгі өмірлік

мақсаты тәуелсіз Түркістан мемлекетін құру еді. Иә, ол сол идеясынан ешқашан айнып

көрген емес. Оның идеясы өмірінің негізгі арқауы болды, сол үшін жанын

шүберекке түйе жүріп күресті. Соншалықты қиыншылықта жүрсе де, тәуелсіздік үшін

ерлікпен күресіп, тәуелсіздік күрескері ғана емес, оның көсеміне лайық тұғырдан

түспей өмірден өтті. Міне, осындай патриоттықпен Отаның сүйіп,өшпес ерлік

көрсеткен Мұстафа атамыздың өмірі келешек жастарымызға үлгі,өнеге болмақ. Ендеше,

оны қазақтың Штирлецы деп атауға әбден негіз бар  деп ойлаймын.

     Менің Мұстафа атамызды осы

мақаланың арқауы етіп алуымның да себебінің бірі- өзін-өзі тану пәнінің

мұғалімі Злиха апайдың  «Рухы биік

бабалардың ұрпағымыз!»  атты тәрбие сағатынан

алған әсерім еді.

     Міне, осы мақалада аталған біртуар

тұлғалардын із жолы, елім деп еңіреп өткен елгезектік ниеті,олардың адалдықтары,

туған еліне деген сүйіспеншіліктері, тәуелсіздікке жол бастаған тырнақ алды

қадамы-түптеп келгенде бүгінгі егеменгендігіміздің алғашқы қарлығаштары емес

пе?! Ширек ғасырдан астам уақыт бұрын егемендік декларациясын жариялаған қазақ

елі бүгінде төрткүл әлеміне танылғаны барлық жұртшылыққа белгілі. Жаңа

Астанамыз көркеюімен қатар бейбітшілік пен келісімнің ұлттар достығы одағына

мәртебелі форум, келіссөз ордасына айналды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың салихалы да, көрегендік саясаты алдынғы буын ұрпақтың арманын

жүзеге асыруға септесіп келеді. Қазір жастарымызға жан-жақты жағдай жасалған.

Ата-бабамыз аңсап өткен тәуелсіздігімізді нығайтатын, елін –жерін сүйетін,

білікті де, білімді, нағыз патриот азаматтарымыз көп болсын. Ылайым осы

жетістігіміз баянды, Отанымыз тыныш, келешек жастарымыз зерделі де , білікті

болуға тәуелсіз еліміздің керегесін кеңейтуге, уығын биіктетуге, шаңырағын

гүлдендіруге негіз бола берсін.  Мағжан

атамыздың: «Мен жастарға сенемін»- деген сенімін ақтаймыз. Болашақ жастардың

қолында. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын.

Просмотров: 437

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст