"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Малтабар ауылының Перуаш Кәрімұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Перуаш Кәрімұлы села Малтабар отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Біздің әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыңғырла, соңғы қоңырау

31.05.2018

Сыңғырла, соңғы қоңырау.

Фанфары.

1 жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар,қонақтар! Қадірменді ата - аналар!Қымбатты

мектеп бітіруші түлектер!Бүгінгі күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір –

түкпіріндегі білім ордаларында - мектептерде 2017-2018 оқу жылының «Соңғы

қоңырау» мерекесі өткізілуде.

    2 жүргізуші: 2018 жыл жаңалық пен қуанышқа толы жыл болды. Айта кетсек Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру »

атты мақаласында  табысты болудың ең

іргелі,басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.Жастарымыз басымдық

беретін межелердің  қатарында білім

әрдайым бірінші орында тұруы шарт.Себебі,құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен

биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

 

1 жүргізуші: Бүгінгі күні  алтын

ұя мектебін бітіріп отырған  11 сынып түлектері,

біздің мектебіміздің алғашқы  мектеп

табалдырғын аттаған  бүлдіршіндер болған  еді, енді 

бүгін  олар үшін қияға қанат

қағатын,  ең бір қымбат, ең бір қимас, ең

бір ұмытылмас жүрек тебірентелік сәт.                                                                                              

2-жүргізуші: Думанды дүбір ән

жырлы

                    Жайқалған өмір жас бағы.

                    Мінеки, тағы бір жылды

                     Сырғытып артқа тастады.

 

                      Ұстаздардың  – жаны нұр

                      Шаттық кейін бөліскен.

                      Аяқталды тағы бір

                      Оқу жылы жеміспен.

 

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Ортамызға осы мектеп

қабырғасында 9 жыл білім нәрін алған, негізгі мектеп бітіруші түлектерді

қошеметтеп қарсы алайық. (9сынып оқушылары 

шығады )   

Сынып  жетекшісі: Блялова Шнар Касыматовна          

Алғашқы  ұстазы : Дюсембаева Баян Елеусизовна

Айтбаев Жандос – мектептің футбол командасының, «Жас Қыран», «Адал

ұрпақ»  тобының  мүшесі.

Базарбаев Ролан -  әзіл-кеш оқушы»,

«Жас Қыран» тобының белсенді мүшесі.

Досумова Меруерт – «Жас полиция» тобының 

басшысы, «Жас Қыран» тобының мүшесі.

Ерназар  Жанкелді – аудандық,мектепішілік «қазақша күрес» жарыстардың жеңімпазы, «Жас Қыран» ,

«Адал ұрпақ» тобының  мүшесі.

Имагамбетов Нұрлан  - «Адал  ұрпақ»  тобының 

белсенді мүшесі.

Кенжетай  Гүлден – аудандық  жарыстарының  жеңімпазы,мектеп «КВН» командасының , «Жас

Қыран», «Адал ұрпақ» тобының белсенді мүшесі.

Көшенов Әділ – «Жас Қыран», «Адал ұрпақ» тобының  мүшесі.

Орынбасар Ақбота - аудандық 

жарыстарының  жеңімпазы,мектеп

«КВН» командасының белсенді мүшесі.

Файзуллин  Мұхтар - мектептің футбол командасының мүшесі.

Сулейменова Дильназ – облыстық, аудандық 

жарыстарының  жеңімпазы,мектеп

«КВН» командасының белсенді мүшесі.

Шаинбеков Айдар - аудандық   жарыстарының 

 жеңімпазы, «Жас Қыран», «Адал

ұрпақ» тобының мүшесі.

 

1 жүргізуші:Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

                   

  Жан сәулесін тарататын баршаға.

                   

  Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

                   

  Түлектерді шақырайық ортаға.

                    

 11- сынып оқушыларың  қарсы алайық

               Сынып

жетекшісі: Муратова Айгул Тариховна

              Алғашқы  ұстазы: Тасимова  Нурсауле

Абсаматова  Жансулу - «Адал ұрпақ» тобының, жоғарғы 

сынып кеңесінің  белсенді  мүшесі.

Базарбаева  Сымбат  - «Адал  ұрпақ»

тобының  мүшесі

Жумабаев  Айдос - ағылшын  тілін жақсы меңгерген,

шахмат ойынының шебері.

(Ортаға түлектер шығады. Сап түзеп тұрады.)

2 жүргізуші: Ән ұраным көгімде шарықтасын,

                   

Көгілдір ту қиялда қалықтасын.

                    Әлем

танып, білетін  Елтаңбамды,

                   

Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.

(А.Ә.Д пәнінің мұғалімі) Мектеп сапқа түзел Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік 

гимні  орындалсын. (гимн айтылады.) 

1 жүргізуші:  Бүгінгі  «Сыңғырла,

соңғы  қоңырау!»  мерекесіне келген  қадірменді қонақтарымызбен  таңыстырайық:

                   

1.____________________________

2.Ауылымыздың  құрметті тұрғыны  Амантай 

ақсақал

 

 

 

 

 

 

 

 

2 жүргізуші:Келешек қой түлектер барға

шүкір

                     

Алдарында ақ қанат арманы тұр.

                     

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.

                     

Жетелейді  қиялы алға ұшқыр!

 

                      

Ажырамай ұжымынан бір елі сіз

                      

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

                      

Сөз берелік мектептің басшысына

                      

Түлектерге арналсын тілегіңіз құтықтау сөз мектеп директоры

 

Хамзин  Руслан  Амантайұлына  беріледі.   (Мектеп

директоры сөз сөйлейді)

 

1 жүргізуші : Биылғы  оқу жылың аяқталуына

байланысты бұйрықпен таныстыруға сөз кезегі директордің оку ісі меңгерушісі

Мусина Баян Орынбасарқызына беріледі.

                        ( приказбен  таныстырады)

 

2 жүргізуші: Арнап келер мерейтой, мейрамдарда

                        Мәртебең де биік қой

мейрам бар да.

                        Бүгінгі мектеп кешіне

тілек айтсын –деп отырып, сөз кезегі  қонақтарда:

1.____________________________

беріледі.

2. Амантай  ақсақалға  беріледі.

 

 

1жүргізуші:  Даладай кең түсінігі, ұғымы

Қазаққа тән

мінезі мен қылығы

Самалдың  сам  алтындай

 ұл- қызы

Алдарыңызда  9 - сынып 

оқушылары.

Сөз кезегі  9 - сынып оқушыларына  

( Құттықтау  сөз.

 Ән  «Ұстазым»)

 

2 жүргізуші: Ортаға  11- сынып оқушыларын  шақырамыз.

( Ұстаздарға  алғыс білдіреді.

 Содан  кейін ән «Қош бол,мектеп» )

1-жүргізуші: Жаны асыл ұстаздарды еске

алыңдар,

                  Жаңа

сыр ашатұғын жас дарындар,-дей келе

                  ортаға 1-сынып оқушыларын ізгі

тілектерімен  шақырамыз.

(Тақпақтар айтады)

 

 

2 жүргізуші:        Өткенде

бізден ағаттық,

                        

    Байсалдылықпен тағат қып,

                        

    Балалық болса кешірген,

                        

    Байыппен баурап өсірген,

                         

  Үлгілі әр кез, ұстамды,

                         

  Сабырлы, ізгі ұстазды

                         

  Анадай көріп сыйлаймыз:

                         

  Айырылар кезде қимаймыз.

 

Құттықтау

сөз сынып  жетекшілеріне  берілді.

1- жүргізуші: Мектеп- біздің таңғажайып үйіміз! Мұнда бәрі араласып

жатыр: Балалық шақ пен есею, жастық пен жалынды сезім, ғылым мен өнер, арман

мен шынайы өмір.Бұл үйде қуаныш пен көз жасы және кездесу мен қоштасу да бар.               

 

2- жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады,

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы, - дей келе, сөз кезегін  ата-аналарға  берейік.   

( 9 сынып пен 11 сынып ата-аналары )

 

 1 –жүргізуші: Көрмеген артық сөйлеп,

артық күліп,

                         Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып.

                         Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен,

                         «Мектеп вальсін» билеп тұрып.

Ортаға түлектерді мектеп вальс биіне шақырамыз.

2-жүргізуші:   Соңғы қонырау

соғу  рәсімі  11 сынып оқушысы  Абсаматова 

Жансулу мен 1-сынып  оқушысы   Кеңесова  Айшаға 

беріледі.

1- жүргізуші:

  Ұшырады мектебің өз қолынан,

                         Көріне

бер ғылымның сан қырынан

                         

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

                   

      Қоштасады

алтын ұя мектебің,

                      Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

                      «Сәт сапар!» --деп қол бұлғаймыз бәріміз,

                     Тілейміз біз армандарға жеткенін!

 

2-жүргізуші:   Келешек өмір

қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде

болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы

салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарыныз болсын жас түлек!

 

1-Жүргізуші:Осымен біздің салтанатты жиынымыз аяқталды.

2-Жүргізуші:

Жазғы демалысты

жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта  болыңыздар! Салтанатты соңғы қоңырау жиынын

жабық деп жариялаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Перуаш

Кәрімұлы атындағы орта мектеп» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                          

Дайындаған: Аренова А.К.

 

 

2017-2018

оқу жылы

Просмотров: 412

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст