Текст
30.03.2026
Құрметті оқушылар мен ұстаздар!
Сіздерді 4-тоқсанның басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл кезең – білім жолындағы соңғы белес, жаңа жетістіктер мен биік нәтижелерге бастар маңызды уақыт.
Оқушыларға табандылық, алға қойған мақсаттарына жетуде қажыр-қайрат тілейміз! Әр күніңіз сәттілікке толы болсын, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
Құрметті ұстаздар, сіздердің еңбектеріңіз – ұрпақ болашағының негізі. Шыдамдылықтарыңыз бен кәсібиліктеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және толағай жетістіктер тілейміз!
Жаңа тоқсан баршаңызға сәттілік пен қуаныш әкелсін!